«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Өндірістік жетістіктер мен марапаттар

1984 жылы жаңа жоғары нәтижелі технологияларды зерттеген, игергені және еңгізгені үшін Құрамына өндірістік бөлім бастығы – Ч.К. Медеуов, №1 цех бастығы – С.У. Усенов, №1 цех бастығының орынбасары - А.В. Коломийцев, жобалау-конструкторлық бөлімінің бюро бастығы - М.М. Николаева енген шығармашылық топқа Қазақ СРО-ның Мемлекеттік премиясы тағайындалды.


1988 жылы КЕКП ОК және ССРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен, титан және магний өндірісінде қорларды үнемдейтін технологиялық процесстерді зерттегені және еңгізгені үшін, комбинаттың инженерлік-техникалық жұмысшылар тобына В.Е.Луговқа, А.И.Чикодановқа, В.И.Семичевқа, А.С.Якутовқа, В.С.Яцурға, Р.С.Исламовқа, А.А.Колядзинға, М.И.Шапироға ССРО-ның ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік премиясы тағайындалды.


2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қарашадан №1534 қаулысына сәйкес, «ӨТМК» АҚ-ның Президенті Б.М. Шаяхметов бастаған бір топ комбинат жұмысшылары «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ-ның титан мен ванадий өндірісінде ғылыми ауқымды технологиялық процесстерді еңгізгені үшін» ғылым, техника және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік премиясымен марапатталды.  


13 маусымда «Astana Mining&Metallurgy 2014» Халықаралық тау-кен – металлургия конгресінің аясында, тау-кен ісі және металлургия саласында компаниялар мен жеке мамандардың жетістіктерін анықтауға бейімделген «Алтын Гефест» салалық сайысының марапаттау рәсімі болып өтті.

Биыл үшінші дәрежелі «Енбек Даңкы» мемлекеттік белгісімен «ӨТМК» АҚ-ның №11 цех бастығы Түлепбаев Айдар марапатталды. Айдар Сағынғынұлының еңбек жолы 1995 жылы басталды - Өскемен құрылыс-жол институтының түлегі №1 цехке жабдықтарды жөндеу боынша слесары болып келді. Комбинаттың негізгі цехтерінде жұмыс жасап, мол тәжірибе жинаған Айдар Сағынғанұлы 2011 жылы «ӨТМК» АҚ-ның №11 цех бастығы болып тағайындалды. Комбинат басшылығы және «Алтын Гефест» конкурсы әділқазылар алқасының оның еңбек жетістіктерін мойындауы металлург үшін кәсіптілігі мен жоғары біліктілігінің ең үздік көрсеткіші болып табылады.


2002 жылғы 12 желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Отан алдында сіңірген зор еңбегі үшін «ӨТМК» АҚ-ның Президенті Б.М. Шаяхметов 1-ші, 2-ші 3-ші дәрежелі «Отан» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Инженерлік Академия Төралқасының 2003 жылғы 27 маусымнан Қаулысымен «ӨТМК» АҚ-ның Президенті Шаяхметов Б.М. «Қазақстан Республикасында инженерлік істің дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

2009 жылы Қазақстанның экономикалық дамуына зор үлес қосқаны үшін «ӨТМК» АҚ-ның Президенті Шаяхметов Б.М. жоғары мемлекеттік дәреже - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды.

Қазақстанда жаңадан титан құймалары мен балқымалары өндірісін құру жобасын жүзеге асырғаны үшін 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Индустриалды ілгерілік» номинациясы бойынша «Алтын сапа» конкурсының жүлдесін «ӨТМК» АҚ-ның Президенті Б.М. Шаяхметовқа табыс етті.


Қазақстан Республикасы Президентінің 05.12.2014 жылғы № 974 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Жарлығына сәйкес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» («Еңбектің үздігі») медалімен «ӨТМК» АҚ-ның өндірістік-техникалық басқармасының бастығы Колчев Владимир Гаврилович  марапатталды.

Владимир Гаврилович өзінің еңбек қызметін 1965 жылы «ӨТМК» АҚ-да бастап, қарапайым жұмысшыдан техникалық директордың орынбасары-ӨТБ бастығы лауазымына дейінгі ұзақ жолдан өтті. №2 цехтың электр слесарі, №2 цех бастығының орынбасары, №1, №2 цехтарының бастығы лауазымдарында еңбек етті. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сондай-ақ, Еңбек Қызыл Ту орденімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» Құрмет белгісімен марапатталған.  

«Өскемен титан-магнйи комбинаты» АҚ-ның Басқармасы мен ұжымы Колчев Владимир Гавриловичті ие болған мемлекеттік наградасымен құттықтайды.


2014 жылдың 26 желтоқсанындағы жастарға арналған  жаңа жылдық балда қала әкімі Темірбек Қасымжанов «Көшбасшы-2014» конкурсының қорытындылары бойынша жеті номинацияда дипломдарды тапсырды. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның қызметкері, «ӨТМК» АҚ-ның № 2 цехы энергетика қызметінің жөндеу шебері, «Еңбек адамы» республикалық конкурсының қатысушысы Дмитрий Иванович Нескладный «Жас кәсіпқой» номинациясында марапатталды.

«ӨТМК» АҚ басшылығы мен ұжымы Дмитрий Нескладныйды еңбегімен қол жеткізген осы жеңісімен құттықтайды.


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы міндетін атқарушысының 10.12.2014 ж. №255-к бұйрығымен «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 23 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына және ҚР Еңбек Кодексінің 71 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының дамуына қосқан зор үлестері мен адал еңбектері үшін, «ӨТМК» АҚ-ның келесі қызметкерлері мен ардагерлері «Еңбек ардагері» құрмет белгісімен марапатталды:

1) Бродский Борис Абрамович – зейнеткер, №3 цех пешшісінен бастап комбинаттың техникалық директорына дейінгі еңбек жолын басынан өткерді. «ӨТМК» АҚ жалпы жұмыс өтілі – 47 жыл. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001 ж.).

2) Нұртазин Сәкен Альдиманұлы – зейнеткер, «ӨТМК» АҚ Ардагерлер кеңесінің Төрағасы, комбинаттағы жұмыс өтілі – 47 жыл.

3) Шорин Александр Викторович – №2 цехтың электр жөндеушісі, «ӨТМК» АҚ жұмыс өтілі – 45 жыл.

4) Герасимова Татьяна Алексеевна – №21 цехтың түсті металлургия өнімдерін бақылаушы,  «ӨТМК» АҚ жұмыс өтілі – 40 жыл. «Ерен еңбегі үшін» үкімет медалімен марапатталған (1986 ж.).

5) Садықов Нәби Баймашұлы - №1 цехтың хлор өткізушісі, «ӨТМК» АҚ жұмыс өтілі – 41 жыл.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ Басқармасы және ұжымы комбинат қызметкерлері мен ардагерлерін лайықты марапаттарымен құттықтайды, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат, бақытты да ұзақ ғұмыр тілейді. «УКТМК»: