«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Әлеуметтік саладағы жетістіктер мен марапаттаулар

Металлургиялық өнеркәсіптің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, 2003 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі мерзімде әлеуметтік саланың дамуына белсенді атсалысқаны үшін 67 комбинат жұмысшылары «Еңбек Даңқы» салалық Құрмет белгісімен марапатталған.


Б.М. Шаяхметов атындағы медициналық орталықтың құрылысы - әлеуметтік-маңызды жобаны жүзеге асырғаны үшін «ӨТМК» АҚ 2013 жылдың желтоқсанында «Парыз» байқауының Гран при – ең жоғары марапатына ие болды.


 

Қ.И. Сәтпаев атындағы балаларды сауықтыру орталығы Республикалық байқау-сайысында «Балалар және жасөспірімдер жазғы демалысының үздік ұйымы» номинациясына ие болып, бірнеше рет жеңімпаз атанды және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы дипломдарымен марапатталды.

 


 

Соңғы алты жыл ішінде «ӨТМК» АҚ Қазақстанның тау-кен металлургиялық саласындағы кәсіпорындар арасында, жыл сайын өткізілетін табиғи қорларды қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша Республикалық сайыста «Үздік ұйым, кәсіпорын» номинациясының жеңімпазы болып табылады.

 

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріндегі тиімді қызметі үшін комбинат 2012 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.