«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Шаяхметовтің әдіс-тәсілдері.

12 қыркүйек 2014

«Тау-кен – металлургиялық өнеркәсіп» журналы

Ол, мамандардан жан-жақты білімділікті, ал цех бастықтарынан – кәсіби өзін-өзі кемелдендіруге талпынуды талап етті. Өйткені осы заманда үздіксіз дамуда өзіндік ой-пікірлерсіз заманауи металлургиялық өндірісті бәсекеге қабілетті етіп тұрғызып қана қоймай, сақтап қалу да мүмкін емес.

Ал Шаяхметов сақтап қана қоймай – арттыра түсті. Шаяхметовтің Өскемен титан-магний комбинатының тізгінін ұстаған жылдарында (1990-2013) бұл, шын мәнінде өткен одақтық мемлекеттің шикізаттық технологиялық шылауы,  ильменитті өндіру мен байытудан титан кесектерін және сляблерін қорытуға дейінгі - өндірістік циклдің барлық сегменттерімен ыңғайластырылған, халықаралық интегралданған компанияға айналды.

Бұдан басқа, бас директормен, кейіннен – «ӨТМК» АҚ Президентімен ұсынылған амал-тәсілдер мен шешімдер екі салалық бағдарламаның негізін қалады. Бірінші – 1992-1997 жылдарға Қазақстанның титан өнеркәсібін дамыту бойынша (1992 жылдың 30 қаңтарындағы № 77 ҚР Министрлерінің Кабинеті қаулысымен бекітілген) және екінші – 1996-2001 жылдарға (1996 жылдың 26 сәуіріндегі № 517 ҚР Үкіметінің қаулысымен мақұлданған). Олардың отандық индустрияның ірі кешендерін дамыту бойынша Мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен тұжырымдалған стратегиялық міндеттерді ескере келе жоспарлы және бірізді жүзеге асырулары республикаға жаңа нарықтық жағдайларда көп жағынан, қазақстандық титанды шығару бойынша тәуелсіз және айтарлықтай бәсекеге қабілетті өндірістік инфрақұрылымды басынан бастап құруға мүмкіндік берді. Ал экономика және металлургия аясындағы сарапшыларға шығыс қазақстандық феноменін  және «Шаяхметовтың әдіс-тәсілдерін» алдағы жұмыстарда негіз етуге мүмкіндік берді.

Аппаратшыдан директорға дейін.

Бағдат Мұхаметұлы – ерекше адамдар қатарына жатады, және де бүгінгі таңға дейін ол адамның артында қалған еңбегі мәңгілік өшпейді. Оның жарық, өзінше ерекше, таңдаулы, үлкен әріпті Ісіне қызмет етумен дәріптелген өмір жолы Өскемен қаласының маңындағы титан-магний комбинатының металлургтері тұратын Жаңа Согра кентінде мезгілсіз қиылысқанның өзінде, оған осы жылдың жаз айында ескерткіш тұрғызылды. Өйткені оның өмірінің бас қорытындысы – жемісті дамудағы кәсіпорын - өткен шақпен тұтас келмейді. Сондай-ақ, ол енгізіп, кейіннен басшылыққа алған бизнесті жүргізудің принциптері де өмірінің басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Нақты айтқанда, өткен ғасырдың 60-жылдары басында Кенді Алтайдың әкімшілік орталығының өнеркәсіптік елді-мекеніне көшіп келген Күршім ауданының Камышенко ауылында туған, мектеп директоры жанұясының тұңғышының кәсіби таңдауына біріншіден титан флагманы, оның адамдары мен салт-дәстүрлері шешуші әсерін тигізді. Содан соң ,ол – Қазақ политехникалық институттың түлегі титан металлургиясының технологиялық білгерлігін біртіндеп меңгере отырып, комбинат өндірісін кемелдендіруге тырысты.

Және де осы салада талай рет табысқа жетті. Инженер ретінде Шаяхметов бар ғұмырында монографиялар мен мақалаларды қоса алғанда 32 ғылыми жұмысты жариялап үлгерді, 41 авторлық куәліктердің сонымен қатар, түсті металлургия саласында өнертабыстардың иегері болды,

Жас маман 1969 жылы титан өндірісінің аппаратшысы болып өз қызметін бастады. Комбинаттың бас директоры қызметіне тағайындалуына дейін ол, (1990 жылдың қыркүйегінде) металлургиялық циклдің бар сатыларынан өтті. ӨТМК-да шебер, аға шебері, цех бастығы, бас директордың орынбасары және де бас инженері болып қызмет атқарды. Сол сәттен-ақ Шаяхметовтің көкірегінде қалыпты, өзгерместей табандылық қалған – басшылық орнына талаптансаң – мүлтіксіз, басынан бастап барлық технологиялық шектерді меңгер. Олай болса басшылық біліктілігінің төмен болуынын басқа заманауи кәсіпорын үшін ең үлкен ауыртпалық жоқ...

Білгіңіз келсе, Бағдат Мұхаметұлы басшылық ету құқығына өз еңбегімен лайық болған...  Қатардағы аппаратшы болып жүріп, ол, комбинаттың қария жұмысшысы Владимир Колчевтің айтуынша, технологияның барлық егжей-тегжейіне дейін назар аудара отырып  талпынған, ал бір нәрсені білмеген немесе түсінбеген жағдайда өзі үшін аға қызметтестерінен сұрауды ұятты көрмеген. Және де бұл оның шынайы «кез-келген істің мән мәнісіне жету» ықыласы қызмет бабындағы қарым-қатынастарын сенімді, достық, дегенмен бауырластық емес қарым-қатынастарға айналдырды. Біріншіден өзіне өзі қатал жас шебер жұмыстағы жіберілген қателіктер үшін қатаң жауапқа алған. Бұл дағы ұжым ішінде түсіністік пен қолдауға лайық болды.

Комбинат кәсіподағы ұйымының төрағасы Геннадий Писмаркин Шаяхметов жайлы - Ол атап айтқанда, қатал да мейірімді болды – деп еске алады. – Барынша өмір сүріп, қызмет етуге тырысты. Жаңа немесе ескірген цехтерді қайта жасауды тұрғызуы барысында ұжым алдына үнемі мүмкін емес міндеттер қоятындай болған. Дегенмен, біліктілігімен және жұмыс үрдісін ұйымдастыру шеберлігімен  үйлесімді талап етушілігі айтарлықтай талапқа сай нәтиже беретін. Мысалға алатын болсақ, екі жыл ішінде кәсіпорында ильменит концентраттарын қорыту цехін іске қосылуы сәтті шықты. Және де бұл республика бойынша құрылыс салу мүлдем ешкімнің қолынан келмеген экономикалық дағдарыстың тарап, қызған кезінде болған еді!

Бар жұмыстарымен қатар, Шаяхметов ұзақ уақыттағы серіктестік қарым-қатынастарды құруда қабілетті шебер болды. Мәселен, Қазақ КРО геологиясының бұрынғы министрі, өкінішке орай өмірден ғайып болған Евгений Селифоновпен серіктестігі. Бұл, еңбегі сіңген демалысында «Геологиялық инновациялық орталық» ЖШС және оның негізінде құрылған «Титан» координациялық тобын басқарған қазақстандық жер қойнаулар кемеңгері достығымен геологиялық барлау, геологиялық-экономикалық және тау-өндіру жұмыстарын кең спектрін ұйымдастыра алды. Осылайша, комбинат қаражаты есебінен Қараөткел мен Шоқаш құрамында титаны бар кен орындарында байқауға алынған ашық кеніштер салынды, Обухов кен орнында тәжірибелік-өнеркәсіптік байыту фабрикасы толық өңдеу циклімен (селективті концентраттарды алу)  іске қосылды, ал кейіннен – бүгінгі күні академик – Қ. Сәтпаевтің есімі берілген Бектемір кен орны анықталды.

Өз мүмкіншілігінен асып түсу қабілеттілігі

Шаяхметов, өнеркәсіпті «қолмен басқарудың» қажеттілігін дәріптеп келген кеңестік экономика ыдырауының, шектен тыс инфляцияның және төлемеушілік дағдарыстың қиын-қыстау кезеңінде басқарғанын ескере кеткеніміз артық болмас. Бұдан шығатын ой – бұл барынша көп әкімшілік өкілеттіктерді өз мойнына алуға деген (менеджмент оқулықтарында жазылмағанмен) түсінерлік талпыныс. Бірақ, білуімізше, жеңімпаздарды жорып-мінемейді, керісінше оларды – бағалайды. Бұл берілген баға «ӨТМК» АҚ президентінің тұлғасына әлдеқайда сай! Өйткені, біріншіден, ол және оның топ-менеджерлер командасы шын мәнінде технологиялық ерлік жасай алды – толығымен тоқтап қалған үздіксіз металлургиялық  циклдік кәсіпорынды қайта іске қосты. Екіншіден, комбинатты шикізатпен қамтамасыз етті.

Бұл тапсырмалардың әрқайсысының шешімі бүкіл ғылыми-зерттеу институтына атақ-даңқ әкелетін еді. Дегенмен, Жаңа Согра кентінде тек өз күштеріне сенуге үйренген...

Міне, осы жерде кадрлардың қамын ойлау – «Шаяхметовтің әдіс-тәсілдерін» құрайтын тағы бір жағын айтқан орынды.  Білім және ғылым министрлігінің алдағыны дұрыс болжай  білмейтін саясаты үшін, кәсіби техникалық білім беру саласында металлургия тарауы, соның ішінде титан өнеркәсібі, іс жүзінде жаңа мамандар легінен айырылғаны ешкімге құпия емес. Жағдайды қалай да түзеу мақсатында, «ӨТМК» АҚ басшысы Қазақ политехникалық институтының жергілікті филиалының жанында – комбинаттың жас қызметкерлерінен көптеген білікті металлургтерді дайындау бойынша екі жылдық курсын ашуға бастама салды. Дегенмен, істе сыналып шыққан қайраткерлер де назардан қалған емес. Шаяхметов үлкен әкімшілік тәжірибеге ие бола және қызметкерлерінің көбінің іскерлік пен жеке қасиеттерін біле отыра, өндірістің ең келелі учаскелеріне барынша сауатты басшыларды қойып, сәйкесінше кадрлық ауыстырулар жүргізді. Неге өйтпеске? Дұрыс! Олардың әрқайсысы өздерінің қызметтеріне қажетті жаңа асулар аша отыра, дамулары керек. Іскерліктерін жетілдіру, өз мүмкіншіліктерінен асып түсу...

Бағдат Мұхаметұлына өзіне келсек, ол осы қабілеттердің барлығына да ие болды... Шаяхметовтің арқасында құрылыс үшін ірі инвестицияларды тарту және қазақстандық шикізаттан титан қожын  алуға мүмкіндік берген ильменит концентраттарын қорытудың кенді-термиялық кешенін іске қосу сәтті өтті.

АҚ мамандарымен осы жобаның аяқталуымен қатар титанның дүние жүзілік нарығының қажеттіліктері зерттелді. Сонымен қатар, «Дойче  Титан» (ГФР), «IMI» (Ұлыбритания), «Таймет» (АҚШ) сияқты титан кеуегін өңдеу жөніндегі шетел зауыттарына негізінен көңіл аударылды.

ӨТМК АҚ дүние жүзілік деңгейге шығуы үшін өз өнімдері сапасының жоғары деңгейін растау қажет болған. Осыған байланысты кеуекті титанның дүние жүзілік әуе ғарыштық сала тұтынушыларымен ұсынылатын талаптарға сәйкестігіне сатылы сертификатталуы жүргізілді.

Өндіріс технологиясының кейінгі кемелдендірілуі мен тігінен интегралданудың күшеюі комбинат дамуының маңызды сатысы болып саналды.

Шаяхметовтің бастуымен 2010 жылы комбинатта авиация-ғарыштық, мұнай-газ және басқа да өнеркәсіп салаларының қажеттіліктеріне арналған титан кесектері мен балқымаларын шығару бойынша цех пайдалануға енгізілген.

2010 жылдың 6 қыркүйегінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың комбинатқа келуі барысында жаңа цехтің ресми іске қосылуы іске асырылды. Бұл жобаны жүзеге асыру Мемлекет басшысымен жоғары бағаланды және «Индустриалды алға шығу-2010» номинациясында «Алтын сапа» сыйлығмен марапатталды.

Шаяхметовтің бастауымен титан құймалары және қорытпаларын шыбықтарға, бұғауларға  ары қарай қайта өңдеу үшін, 2008 жылы «ӨТМК» АҚ акционерлері мен «Aubert&Duval» француздық компаниясымен бірлесіп, Францияда зауыт салған «UKAD» бірлескен кәсіпорнын құрды.

Бұдан басқа, комбинат пен «POSCO» оңтүстік корей компаниясы, қызметі электрондық-сәулелік пешті пайдаланумен Қазақстанда титан сляблері мен кесектерін шығару бойынша жаңа инновациялық  өндірісті құруға бағытталған «POSUK Titanium»ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды.

Титан-магний индустриясын ары қарай дамыту мақсатында 2012-2022 жылдарға комбинатты модернизациялау бағдарламасының концепциясы ӨТМК АҚ директорлар кеңесімен жасап шығарылып, бекітілді. Бұл құжат шығарылатын өнім, соның ішінде мұнай-газ саласында титанды пайдаланумен республиканың ішкі нарығына арналған номенклатураны едәуір кеңеютуді, жаңа технологияларды енгізуді және өндірістік үрдістердің автоматизациясын кемелдендіруді, сонымен қатар, негізгі технологиялық жабдықтардың түпкі модернизациясын алдын-ала қарастырады.

Отан алдындағы ерен еңбегі үшін

Бағдат Мұхаметұлының ел индустриалды-инновациялық әлеуетін арттыруда қосқан үлесі көптеген жоғары мемлекеттік сыйлықтармен және атақтармен бағаланған. 1986 жылы Шаяхметов «Құрмет белгісі» орденінің кавалері болды. Бұдан басқа, Бағдат Мұхаметұлы неше жыл қатарынан ҚР Президенті Ұлттық кеңесінің мүшесі болып табылады.

«Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ титан мен ванадий өндірісінде ғылыми жинақталған технологиялық үрдістерді даярлау және енгізу бойынша 1989-2000 жылдар циклінде атқарылған жұмыстары үшін оған 2001 жылы ғылым, техника мен білім саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Отан алдындағы ерен еңбегі үшін 2002 жылы Шаяхметов «Отан» орденімен, кейіннен – І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгілерімен марапатталды. 2009 жылы Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Бағдат Мұхаметұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» – жоғары мемлекеттік марапатына ие болған алдыңғылар қатарында болды.

Өндірістік-техникалық сұрақтарды шешумен қатар Шаяхметов қоғам өміріне белсенді қатысқан, бірнеше рет қала мен халықтық депутаттар облыс кеңестеріне депутаттыққа сайланды. Бағдат Мұхаметұлының тағы бір баға жетпес еңбегі, оның кәсіпорынның және Жаңа Согра кентінің әлеуметтік инфорақұрылымын сақтап, ары қарай дамыта алуында.

Айта кеткенде, әлі күнге дейін комбинаттың бірқатар әлеуметтік нысандар кешені сәтті қызмет етуде. Олар: Мәдениет үйі, мұражай, спортзал, спорт ойыны алаңы, бассейн және Бұқтырма су қоймасында орналасқан «Волна» демалыс базасы және Қ. Сәтпаев атындағы Балалрдың демалыс орталығы.

Сонымен қатар, Б.М. Шаяхметовтің өз ынтасымен «100 мектеп, 100 аурухана» Мемлекеттік бағдарлама аясында, 2011 жылы «ӨТМК» АҚ-ның ШҚО Әкімдігімен қол қойылған өзара ынтымақтастық және жеке мемлекеттік серіктестік жайлы меморандумға сәйкес 2013 жылы комбинатпен медициналық орталықтың құрылысы мен жабдықталуы аяқталды. Бұл әлеуметтік маңызы зор жобаны жүзеге асырғаны үшін «ӨТМК» АҚ «Парыз – 2013» жарысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Гран-при сыйлығына ие болды.

Бір күндік стационар болып табылатын заманауи медициналық орталық Өскемен қаласының ішкі құрылымын сәтті толықтырды. Медициналық орталықтың қызметтерімен жылына 30 мың адамға дейін, құрамында комбинат жұмысшылары қанша болса, Өскемен қаласы шығыс бөлігінің тұрғындарын да және Шығыс Қазақстан облысына шектесіп жатқан елді мекендерді де қамтамасыз ету шамаланып отыр. Медициналық орталықты салудағы Б.М. Шаяхметовтың шешім қабылдауында жеке талпынысын ескере келе «ӨТМК» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен медициналық орталыққа Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметовтың есімі берілді.

Демек, өткен шаққа кетпей, жас қазақстандықтарға үлгі болып қызмет ету - «Шаяхметов әдіс-тәсілдерінің» басты құпиясы болып табылатын шығар. Осындай ерен еңбегі үшін бе  ел тәуелсіздігінің нығаюына және Кенді Алтайдың әлеуметтік-экономикалық гүлденуіне жәрдемдесетін, отандық металлургияның дамуына титан индустриясы негізін қалаушысының қосқан баға жетпес үлесі, жерлестерінің жүрегінде мәңгілік өшпес, құнды естелік болып қала бермек?


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР