«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Комбинат қабырғасында өткен қалалық волейболдан жарыс.

8 желтоқсан 2014

"Рудный Алтай" газеті

Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметовты еске алуға арналған қалалық  волейболдан жарыс «ӨТМК» АҚ-ның спорт кешенінде ойдағыдай өтті. Жарысқа «ӨТМК» АҚ, ШҚО бойынша Мемлекеттік табыстар департаменті, «Локомотив» ФСК , «Қазцинк» ЖШС «ӨМК» құрама командалары қатысты.

Өскемен қаласының дамуына зор үлесін қосқан әйгілі металлург – Б.М. Шаяхметовты еске алуға арналған жарысты ұйымдастыру жөніндегі комбинат әкімшілігі қолдау көрсеткен, «ӨТМК» АҚ ұжымының пікірі өткен жылы, комбинат цехтарының арасында ойындарды өткізген кезде жүзеге асырылған болатын.

2014 жылғы жарыс: «Қазақстан Темір Жол» ҰК АҚ командалары арасындағы волейболдан Қазақстан Республикасының екі мәрте чемпионы атанған  – «Локомотив» ФСК, ҚР тау-кен өндірісі және металлургиялық салалардағы кәсіпорындар арасындағы волейболдан жарыстың неше дүркін чемпионы атанған – «Қазцинк» ЖШС-нің командасы, ШҚО-ның мемлекеттік мекемелерінің командалары арасында өткен волейбол бойынша жарыстарда бірнеше рет чемпион атанған - ШҚО бойынша Мемлекеттік табыстар департаментінің командасы, ҚР тау-кен өндірісі және металлургиялық салалардағы кәсіпорындар арасындағы волейболдан жарыстардың бүгінгі күні чемпион атанып жүрген – «ӨТМК» АҚ командасы сияқты - ең мықты спорт ұжымдары кездескен қала деңгейіндегі жарыс мәртебесіне ие болды.

«ӨТМК» АҚ жарыстарға дайындық шеңберінде спорт кешеннің күрделі жөндеуі және техникалық жаңадан жабдықталуы жүргізілді, сондай-ақ жаңадан спорт құрал-жабдықтары әкелінді.

Волейбол жарысының ашылу рәсімі командалардың салтанатты сапқа тізіліп тұруымен бастау алды. «ӨТМК» АҚ Президенті Мамутова Әсем Тлекқызы өзінің құттықтау сөзінде  жарысқа қатысуға бет бұрып, өз ықыластарын білдірген командалардың барлығына алғысын жеткізе отырып, Б.М. Шаяхметовтың комбинат жұмысшылары ішінде  спорттың дамуына және салауатты өмір салтын насихаттауға, жарыстың өндірісішілік деңгейден қалалық деңгейге дейін өсуіне қосқан маңызды үлесін белгілеп айтты.

«ӨТМК» АҚ Президенті Б.М. Шаяхметовтың Кубогына екі күндік жаырстың жартылай ақтық жұптарында «Қазцинк» пен «Локомотив» ФСК, «ӨТМК» АҚ мен ШҚО бойынша Мемлекеттік табыстар департаментінің өкілдері волейбол алаңында кездесті.

Волейбол алаңына шыққан спортшылардың ойындарына бас төреші К.С. Кривобок және ұлттық категориядағы төрешілер А.П. Толочко, М.К. Аубакиров, бірінші категориядағы төрешілер А.М. Ельтринов және Н.Е. Оспанов құрамындағы төрешілер алқасы әділ және дұрыс бағаларын беріп отырды.

Жарыстың екінші күні командалардың қызу да ымырасыз тартысымен есте қалды. Қола жүлдеге ШҚО бойынша Мемлекеттік табыстар департаментінің және «Қазцинк» ЖШС командалары таласты. Бірінші орынға тартыста алаң иелері – «ӨТМК» АҚ командасы «Локомотив» командасымен кездесті. Ойынның байыптылығына, допты мықты және дәл соққандарына қарағанда, ақтық жарыста лайықты қарсыластардың кездескені айқын болды. Әр команда жанкүйерлерінің «Алақай» деген сансыз айқайлары мен ду қол шапалақтауы толығымен көңілдері қалған толқыныстарымен аралас болды. Шешуші ұрыста «Локомотив» ойыншылары «ӨТМК» АҚ командасынан жеңісті жұлып әкетті. Ойын адал да әсерлі, қалалық деңгейге лайықты өтті!

Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді. Төртінші орын ШҚО бойынша Мемлекеттік табыстар департаменті командасының еншісіне тиді. Үшінші орынды «Қазцинк» ЖШС «ӨМК» ойыншылары алды. «ӨТМК» АҚ командасының ойыншылары өнегелі және әсерлі ойынды, тайсалмайтын қайсарлық мінезді көрсетіп, екінші орынға иеленді. Бірінші орынды және волейболдан қалалық жарыстың ауыспалы кубогын спорт шеберлігімен және жеңіске деген жігерлігімен көзге түскен «Локомотив» ФСК әділ түрде еншіленді.

Волейболдан қалалық жарыс жеңімпаздарды марапаттау салтанатымен аяқталды. Б.М. Шаяхметов кубогы салтанатты түрде ШҚО Әкімінің бірінші орынбасары Е.Б. Көшербаевпен және «ӨТМК» АҚ Президенті А.Т. Мамутовамен «Локомотив» командасының капитанына табыс етілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Б. Көшербаев жеңімпаздарды марапаттағаннан кейін, спортшыларға әсерлі ойын көрсеткендері үшін рахмет айтып, жарыс деңгейін бұдан ары дамытуды құптап, ал жарысқа қатысушыларға – спортта жаңа жетістіктер тілеп, құттықтау сөз айтты. Өскемен қаласы әкімінің орынбасары В.М. Головатюк ойыншыларды жеңістерімен және керемет ойынмен құттықтады. Жарысқа қатысқандары үшін ризашылығын білдіріп, командалар мен көрермендерді 2015 жылы өтетін жарысқа шақырып, Б.М. Шаяхметовтың жақындары және достары атынан Қ.М. Шаяхметов, Т.Қ. Мамутов, А.Қ. Қажыбаев және В.Г. Колчев сөз сөйледі.

Б.М. Шаяхметовты еске алуға арналған 2014 жылғы волейболдан қалалық жарысы тамамдалды. Ойыншылар мен жанкүйерлер «ӨТМК» АҚ спорт кешенінен ұнамды да жағымды әсер алып шықты. Дегенмен, командалар бір-бірімен қош айтыспайды, өйткені Бағдат Мұхаметұлы бастау салған, «ӨТМК» АҚ басшылығымен және ұжымымен құпталып отырған  спорт дәстүрлері келесі жылы да жаңа кездесулерді өткізуге үміттендіреді. 2015 жылы осы волейбол жарысы облыстық деңгейде өтетіндігіне кәміл сенеміз!


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР