«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Титан саласы: міндеттері мен жоспарлары.

30 мамыр 2015

"Казахстанская Правда" газеті

Қазақстанда, еліміздің шығысындағы ең ірі дүниежүзілік титан өндірушілерінің бірі орналасқан жерде мұндай іс-шара алғаш рет өткізілді. Осы жылы жарты ғасыр толатын Өскемен титан-магний комбинаты, 90-шы жылдардың басында әлемнің әуеғарыштық нарығының толық құқылы қатысушысы болды. Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Даниал Ахметов форумның толық мәжілісін аша отырып, осы жағдайды және бүгінгі күні «ӨТМК» АҚ-ның өнімдері дүниежүзінің индустриалды дамыған елдеріне экспортталатынын белгілеп өтті.

ИИДМБ-на қатысудың арқасында кәсіпорында жаңа технологиялық қайта бөлістерді құру бойынша бірнеше инновациялық жобалар жүзеге асырылды, және де бұл өндірілетін өнімнің номенклатурасын арттыруға, сәйкесінше оны өткізу нарығының кеңейуіне мүмкіндік берді.

Ең маңызды іс-шаралар қатарында – әуеғарыштық, мұнай-газ салаларында, атомдық энергетикада, қорғаныс және медициналық өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын титан құймалары мен қорытпаларын өндіру цехының 2010 жылы ашылуы. ИИДМБ-ның екінші бесжылдығы аясында Сәтпаев кенорны негізінде тағы бір байыту фабрикасының құрылысы және қазақстандық құрам үлесінің артуына бағытталған басқа да маңызды жобалар қатары жоспарланған. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның Президенті - Әсем Мамутованың атап өткеніндей, Еліміздің тәуелсіздік таңында Елбасы тапсырмасымен  1992-2001 жылдарға Қазақстанның титан-магний комбинаты өнеркәсібінің Даму бағдарламасы даярланып, осы жылдардың бар ағымы оның ықыласы мен қолдауына толы болды.

«Титан» халықаралық ассоциациясы» ЖАҚ-ның Бас директоры – Андрей Александров өз баяндамасымен ТМД елдеріндегі титан өндірісі дамуының заманауи жағдайы мен келешегі жайлы жан-жақты мағлұматтар ұсынды. Оның айтуынша бүгінгі күні посткеңестік уақытта дүниежүзіндегі шығарылатын титан өнімдерінің  30% өндіріледі.

Осыған байланысты, конференция қатысушыларының назарын аудартып, аса қызығушылық тудырған титан құймаларын вакуумдық-доғалық қорыту технологиясының ерекшеліктеріне және титан шыңдалғыларын өндіруге арналған,  К. Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университеттің ғылыми қызметкерлерімен дайындалған баяндама болды. Ресейліктердің презентацияларында ұсынылған титанның бірегей қасиеттерін медицинада қолдану келешегі туралы мәлімет те кеңінен талқыға салынды.

Титан саласы дамуының ұлттық бағдарламалары, жаңа жетістіктер мен титанды пайдалану салаларының даму динамикасы, саланың шикізат базасының дамуы мен ферроқорытпалар нарығының сараптамасы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап конференция қатысушыларының баяндамаларынан алынды.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР