«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Қалыптасу және даму сатылары

1954

КСРО Министрлер Кеңесі Өскемен титан-магний комбинаты құрылысын бастау туралы өкімге қол қойды

1955

Гиредмет және БАМИ салалық институттарымен құрастырылған кешендік жоба бойынша «ӨТМК»-ың құрыласы басталды.

1962

Тәжірибе цехі қолданысқа берілді.

1963

6 наурыз – алғашқы қазақстандық кеуекті титан алынды.

1965

12 ақпан – алғашқа қазақстандық магний алынды

1965

27 наурыз - Мемлекеттік комиссия титан-магний комбинатының бірінші кезегін қолданысқа қабылдау актісіне қол қойды. Бұл күн «ӨТМК»-ың туған күні болып табылады.

1966

26 наурыз – комбинаттың екінші кезегі іске қосылды

1967

Комбинат  шетелге титан мен магний жеткізуді бастады.

1968

ТГ-100 маркілі титан кеуегі мен магнийге мемлекеттік Сапа белгісі берілді..

1969

26 наурыз – титан өндірісінің жобалы қуаты игерілді.

1992

Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың елдің ірі индустриалды кешендерін дамыту бойынша стратегиялық шешімдері негізінде және Б.М. Шаяхметовтың бастамасымен «1992-1997 жылдарға Қазақстанның титан өнеркәсібінің даму бағдарламасы» құрастырылып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетімен қабылданды. Аталған бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар 1996 жылы ҚР Үкіметінің «1996-2001 жылдары Қазақстан Республикасының титан-магний өнеркәсібін ары қарай дамыту туралы» қаулысымен бекітілді.

1999

«ӨТМК» АҚ-ның қатысуымен «Сәтпаев» кен орнында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері негізінде, құрамында титан бар минералды шикізат қорлары бекітілді.

2000

«ӨТМК» АҚ-ның қатысуымен Сәтпаев кен орнының негізінде «SatpayevskTitaniumMinesLtd» ЖШС бірлескен тау-кен кәсіпорыны құрылды.

2000

16 қазан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ӨТМК» АҚ-на келген сапары барысында титан қожын өндіретін кенді-термиялық кешен іске қосылды.

2008

«Обер энд Дюваль» және «ӨТМК» АҚ компанияларының арасында «УКАД» бірлескен қазақстан-француз кәсіпорны құрылды. «УКАД» БК-ың қызметі «ӨТМК» АҚ өндірген титан құймалары мен балқымаларын титан қақтамалары, табақтары, шыбықтары және сымға қайта өңдеу болып табылады. 

2009

«ӨТМК» АҚ және «ПОСКО» оңтүстік корей компаниясы бірлесіп «ПОСУК Титаниум» ЖШС қазақстан-корей бірлескен кәсіпорынын құрды. Бірлеске кәсіпорын құрудың мақсаты  - электронды-сәулелі балқыту арқылы титан құймалары мен слябтарын өндіретін зауыттың құрылысы

2010

6 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә Назарбаевтың қатысуымен титан құймалары және балқымаларын өндіретін цехтің (№14) ресми іске қосылуы болып өтті. Берілген жобаның іске асуы Елбасымен жоғары бағаланды және «Индустриалды ілгерілік» номинациясы бойынша «Алтын Сапа» сыйлығымен аталып өтті.

2011

19 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Францияға сапары аясында титаннан жоғары технологиялық өнім өндіретін «УКАД» БК зауыты іске қосылды.

2011

Қазан айында Өскемен қаласында титан құймалары мен слябтарын өндіретін  «ПОСУК Титаниум» ЖШС БК зауытының құрылысы басталды.

2012

Әлемдік нарықта қазақстандық титан үлесін арттыру және келешекте өткізу нарығын кеңейту мақсатымен, «ӨТМК» АҚ «2012-2022 жылдарға «ӨТМК» АҚ-ның даму бағдарламасын» дайындады және Директорлар Кеңесімен бекітті.