«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Қазақстандық құрам

ҚР Үкіметінің 20.03.2009 жылғы №366 қаулысына және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 13.06.2012 жылғы №196 бұйрығына сәйкес, тоқсан сайын белгіленген нысандарға сай тауарларды, жұмыстарды, сонымен қатар, құрамында ӨТМК АҚ кәсіпорыны бар жүйе құрушы кәсіпорындардың қызмет көрсетулерін сатып алу бойынша қазақстандық құрам жөніндегі мониторинг өткізіледі.

Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсету тізімін арттыру жөніндегі жұмыстарды ӨТМК АҚ отандық өндірушілерін қолдау мақсатында үнемі өткізіп отырады.

2013 жылғы қорытындылар бойынша қазақстандық құрамның үлесі 28% құрды.