«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

ПОСУК БК

2010 жылдың тамыз айында «ӨТМК» АҚ мен «POSCO» оңтүстік корей компаниясы бірлесе, қызметі Қазақстанда электронды-сәулелі пешті қолданумен титан құймаларын және слябілерін шығару бойынша жаңа инновациялық өндірісті құруға бағытталған «ПОСУК Титаниум» («POSUK Titanium») бірлескен кәсіпорнын құрды.

2011 жылдың қазанында Өскемен қаласында «ПОСУК Титаниум» БК ЖШС титан құймалары мен слябілерін өндіру бойынша зауыт құрылысы бастауының ресми салтанаты өткізілді.

Жаңа зауыттың өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуі 2014 жылдың IV тоқсанына жоспарланған болатын. Бірлескен қазақстан-корей жобасының болжамды құны шамамен 70 миллион АҚШ долларын құрайды. Жаңа өндірісті іске қосумен қатар 70 жұмыс орны пайда болады.

Жобамен қазақстандық титан құймалары мен слябілерінің ыстық және суық басулы титан таспаларына және мұржаларына қайта өңдеуі жүргізіліп, кейіннен ірі кеме жасаушы компанияларымен жүзеге асырылатындығы алдын-ала қарастырылады.

«POSCO» илемдеуінің заманауи технологияларын пайдалану бірлескен қазақстан-корей кәсіпорнына жалпақ титан илемінің дүние жүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік береді.