«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

«БАЛҚЫТУ» цехі

2010 жылы «ӨТМК» АҚ титан кесектері мен балқымаларының өндірісі бойынша цехтің құрылысын аяқтады және пайдалануға енгізді.

Титан кесектері мен балқымаларының өндірісі кеуекті титанды және қоспалы элементтерді екі еселік вакуумдық-имелік қайта балқыту әдісімен жүзеге асырылады.

Жаңа өндіріске салынған инвестициялардың көлемі шамамен 90 миллион АҚШ долларын құрады.

Жылдық өндірістік жобалық қуаты – 11 000 тонна титан кесектері мен балқымалары. Цех 2012 жылы жиынтық қуаттан 80% өндіріске шықты.

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер саны 209 адам.

«Nadcap» жүйесі бойынша сертификаттау «ӨТМК» АҚ-ның авиациялық өнеркәсіп жеткізіп берушілеріне қойылатын халықаралық талаптарына сәйкестігін растады.

№14 цехпен шығарылатын өнім әуе ғарыштық, мұнай-газ өнеркәсібінде, атом энергетикасында, қорғаныс және медициналық салаларда пайдаланылатын бұйымдарды даярлауға арналған.