«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Ардагерлер кеңесі

2015 жыл қорытындысы.

«ӨТМК» АҚ Ардагерлер кеңесінде 2016 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдайы бойынша 1620 зейнеткер есепке тіркелген, олардың ішінде:

- 8 адам – Ұлы Отан соғысының қатысушылары;

- 373 адам – тыл еңбеккерлері;

- 1239 адам – еңбек ардагерлері.

«ӨТМК» АҚ Ардагерлер кеңесінің сандық құрамы 28 адамнан тұрады: 4 адам - «ӨТМК» АҚ Ардагерлер кеңесінің активі, 24 адам - «ӨТМК» АҚ Ардагерлер кеңесінің мүшелері.

«ӨТМК» АҚ Ардагерлер кеңесінің құрылымы:

- «ӨТМК» АҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы;

- «ӨТМК» АҚ Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары;

- әлеуметтік жеңілдік шығындарын есептеу маманы;

- құрамдық санын есептеу маманы.

«ӨТМК» АҚ басшылығы «ӨТМК» АҚ зейнеткерлеріне әрдайым материалдық көмек көрсетіп отырады, соның ішінде:

- Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне, Қарттар күніне және мерейтойларда қайырымдылық көмек көрсету;

- тістерді емдеу және протездеу;

- медициналық қызмет көрсету және ота жасау;

- жерлеу шығындары;

- және басқалар.

«ӨТМК» АҚ 50-жылдық мерейтойына ардагерлер: С.А. Нұртазин және П.А. Ященко «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталды. В.Б. Лавров, Т.А. Мұхамадиев және К. Сайдиев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстандық филиалының құрмет дипломымен марапатталды.

Сондай-ақ 2014 жылдың қыркүйегінде «ӨТМК» АҚ алғашқы ардагерлер ұйымы ардагерлер қозғалысында қол жеткізген табыстары үшін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің дипломымен марапатталды.

2015 жылы жеңілдікті жолдамамен «ӨТМК» АҚ 7 зейнеткері Қазақстанның шипажайлық-курорттық мекемелерінде денсаулықтарын жақсартты және 346 адам «Волна» демалыс базасында демалды.

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70-жылдығына «ӨТМК» АҚ Ұлы Отан соғысының әрбір қатысушыларына мағыналы материалдық көмек көрсетті.

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70-жылдығына қосымша «ӨТМК» АҚ Ардагерлер кеңесінің қолдауымен, Ұлы Отан соғысына қатысқан Иван Петрович Поповқа Өскемен қаласының әкімдігімен бір бөлмелі пәтер берілді.



"ӨСКЕМЕН ТИТАН МАГНИЙ КОМБИНАТЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР

1986 жылдың желтоқсанында Өскемен титан-магний комбинатында (ӨТМК) АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда ардагерлер саны 1 706 адамды құрайды. Олардың ішінді:

  • 10 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар;
  • 446 - тыл еңбеккерлері;
  • 1 149  - комбинаттың еңбек ардагерлері.

Ардагерлер кеңесі 27 адамнан тұрады.

Ардагерлер кеңесінің саны, ардагерлердің мекенжайлары бойынша Аблакеткадан Защитаға дейін, Соградан ЖМК-на дейін шашыраңқы орналасуына тәуелді.

Кеңеспен тұрақты байланыста болу үшін ардагерлер, мекенжайларына байланысты, 26 учаскеге бөлінген.


«ӨТМК» АҚ әлеуметтік қорғау.

Ардагерлерге материалдық қайырымдылық көмек көсетіледі.

  • Жеңіс күніне;
  • Қарттар күніне;
  • Жаңа Жылға;
  • Комбинатта бұрын жұмыс жасаған 60, 70, 80, 90 жас мерейтой иелеріне;
  • Тіс емдету мен протездеуге;
  • Медициналық қызмет көрсетуге (операциялар);
  • Жерлеу рәсімі шығындарына.

Ардагерлер өтініштері және дәрігердің тұжырымдамысы негізінде санаторлы-курортты емделуге, «Волна» демалыс базасына төмендетілген бағамен жолдамалар бөлінеді.

Ардагерлердің немерелеріне (өтініштердің негізінді) Қ.И. Сәтпаев атындағы балаларды сауықтыру орталығына (БСО) жолдамалар бөлінеді.