«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар

«ӨТМК» АҚ Мәдениет үйі Жаңа Согра кентінде орналасқан. Мәдениет Үйі шығармашылық үйірмелерді дамытуға, кәсіби мерекелерге және ресми естелікті күндерге қарай мәдени-көпшілік шараларды өткізуге, комбинат жұмысшыларына және Жаңа Согра кентінің тұрғындарына бос уақытты ұйымдастыруға арналған.


 

Шығармашылық үйірмелер.

 

«Аққу» ұлттық би үйірмесі

Ұлттық би жанрында жұмыс істейді. Үйірмеде «Аққу» ұлттық би ансамблі бар.

  • «Аққу» Ұлттық би ансамблінің жетістіктері:

  • Мәскеу қ. 2006 жылы «Ашық Еурова» Халықаралық байқауының лауреаты;

  • Барселона қ. 2006 жылы «Buen Viaje» Халықаралық байқауының лауреаты;

  • Алматы қ. 2007 жылы «Сүйкімділер» Республикалық байқауының лауреаты;

  • Алматы қ. 2008 жылы Қазақстан Республикасы балаларға арналған айтулы телевизиялық бағдарламасының қатысушысы;

  • Астана қ. – 2009 жылы «Әнші балапан» Республикалық байқауының лауреаты;

  • «Балдаурен – 2010» Республикалық байқауының лауреаты;

  • Балалар ұжымдары арасындағы «Өнерпаздар өрендері», «Би ырғағы» қалалық байқауларының лауреаты.


 

«Вояж» халық және заманауи би үйірмесі. Халық және заманауи би жанрында жұмыс істейді. Үйірмеге сәйкес «Вояж» би ансамблі бар.

        «Вояж» би ансамблінің жетістіктері:

  • Астана қ. 1999 жылы «Шабыт –миллениум» Республикалық байқаудың дипломанты.

  • Мәскеу қ. 2007 жылы «Ашық Еуропа» Халықаралық байқауының лауреаты.

  • Болгария «Теңіз жағалауы – 2008» алтыншы Халықаралық жастар фольклорлі фестивальдің лауреаты;

  • Астана қ. 2008 жылы «Жас жұлдыздар сәті» Республикалық байқауының лауреаты;

  • Балалар ұжымдары арасындағы «Өнерпаздар өрендері», «Би ырғағы» қалалық байқауларының лауреаты.


 

«ӨТМК» АҚ Мәдениет үйінде аға буынға арналған шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді:

 

 Ардагерлер хоры

Фольклорный ансамбль «Сударушки»

«Ардагерлер хоры» және «Сударушки» фольклорлі ансамблі хор өнерін және фольклорлі репертуарды мәдениет қолдаушылары ретінде сақтап қалған, аға және өсіп келе жатқан ұрпақ үшін көрнекі үлгі болып келетін МҮ негізгі шығармашылық ұжымдарының бірі болып табылады. Ұжым қатысушылары – бұл комбинаттың еңбек ардагерлері мен Жаңа Согра кентінің тұрғындары.

«Ардагерлер хоры» және «Сударушки» ансамблінің жетістіктері:

  • «Беловодье» халықаралық фольклорлі фестиваль лауреаты (2005-06-07 жылдары);

  • 2006 ж. бастап «Өмірге ғашықпын» қала ардагерлерінің көркемөнер қалалық байқауының лауреаттары;

  • Қаланың алғашқы ардагерлер ұйымдарының арасындағы көркемөнер байқауының лауреаттары (2008 -09-10-11-12- 2013  жылдары).

Қосымша үйірмелер қызмет етеді:

  • Жаңа Согра к. балалары мен жасөспірімдеріне арналған – «Каратэ-до» сауықтыру үйірмесі.

  • Жаңа Согра к. жасөспірімдері мен аға буынға арналған - «Шығыс биі» үйірмесі.

  • Жаңа Согра к. балалары мен өндіріс ардагерлеріне арналған шахмат-дойбы үйірмесі.


Мәдени-көпшілік жұмысы:

Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымымен мемлекеттік, еске алу күндеріне және «Масленица», «Наурыз», «8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен», «Қазақстан халықтарының бірлігі күні», «Ұлы Жеңіс күні», «Балаларды қорғау күні», «Астана күні», «Конституция күні», «Қала күні», «Алғашқы Президент күні», «Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылдық іс-шаралар» сияқты кәсіби мерекелерге арналған мерекелік концерттер өткізіледі.

Мәдениет үйінің шығармашылық қызметкерлері кездесулерді, комбинат кәсіпорнында презентацияларды өткізеді, цехтерде аралап құттықтау концерттерін, кәсіпорын цехтері арасында өз күштерімен ұйымдастырылған көркемөнер конкурстары мен байқауларын, сонымен қатар, Жаңа Согра кенті тұрғындарына арналған мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастырады.


 

 Наурыз мерекесін мейрамдау, ұйымдастырады

 


Комбинатта мемлекеттік тілді дамыту жөнінде координациялық кеңеспен бірлесіп эстрадалық вокал бойынша, театрланған әдет-ғұрыптар және халық ертегілері конкурстары, ұлттық тағамдар конкурстары, «Наурыз мейрамын», «Тіл мерекесін», «ҚР Тәуелсіздік күнін» мейрамдауға арналған комбинат цехтері арасында сұлулық байқаулары өткізіледі.

2012 ж. Әдет-ғұрыптар байқауы

2013 ж. «Қазақ халық ертегілері» байқауы

«Наурыз Аруы» байқауы

«Наурыз Аруы» байқауы

Кәсіпорын және Мәдениет үйі жұмысшыларымен «Металлургтер күні» кәсіби мерекесі кеңінен тойланады және титан-магний комбинатының мерейтой шаралары өткізіледі.

 


«ӨТМК» АҚ 40 жыл

Мәдениет үйінде кітапхана жұмыс істейді және ішіне әңгіме-сұхбат, көрмелер, шолулар, әдеби-әуендік кештер кіретін, мәдени-ағартушылық жұмыстары жүргізіледі. Оқырмандар санын мектеп оқушылары, студенттер, мұғалімдер, Жаңа Согра кентінің зейнеткерлері құрайды.

 


      

                                           Балалар шығармашылығының көрмесі