«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Медициналық қызмет көрсету

«ӨТМК» АҚ медициналық қызмет көрсетуі «ӨТМК» АҚ Президенті Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметов атындағы (1946-2013) медициналық орталық базасында жүзеге асырылады.

Медициналық орталық бір ауысымда 240 қабылдауларға есептелген. Жаңа медициналық орталыққа келушілерге қызмет ету үшін 135 адамнан тұратын жоғары білікті медициналық қызметкерлер таңдап алынған.

20 түрлі мамандықтардағы дәрігерлер кеңес жүргізеді:

- невропатолог;

- офтальмолог (окулист);

- оториноларинголог (ЛОР дәрігері);

- уролог;

- аллерголог;

- гинеколог;

- гематолог;

- травматолог;

- нефролог;

- психиатр;

- дерматовенеролог;

- онколог;

- кардиолог;

- нарколог;

- стоматолог;

- рентгенолог;

- профпатолог;

- функционалды диагностика дәрігері;

- УДЗ дәрігері;

- зертханашы дәрігер;

Диагностикалық қызмет көрсетудің ішіне кіреді:

- зертханалық диагностика;

- рентген-диагностика;

- ультрадыбыстық диагностика;

- эндоскопиялық – ФГДС;

- функционалды диагностика – ЭКГ, Холтер мониторлау, спирография;

- көз, ЛОР, неврологиялық, гинекологиялық аурулардың болуы жағдайындағы аппараттық диагностика.  

Емдеу-қалпына келтіру шараларын жүргізуге арналған бөлмелері.

- күндізгі стационар;

- аптека;

- тіс емдеу бөлмесі;

- көз, ЛОР, гинекологиялық аурулардың болуы жағдайларындаңы шаралар;

- физиобөлме;

- пантолық шаралар бөлмесі;

- кабинет ручного и механического массажа;

-  қолмен және механикалық уқалау-сылау бөлмесі;

- су шараларының бөлмесі;

– тамақ булау.

Медициналық орталықтың бірегейлігі, оның «бір күндік станционар» болуында, яғни орталыққа жүгінген дәрігерге қаралушы (пациент) диагностикадан бастап, қажетті емдеу шараларына дейінгі сапалы медицинылқ қызмет көрсетудің толық жиынтығын ала алады.

Медициналық орталық жетекші дүние жүзілік өндірушілердің ең заманауи жоғары технологиялық медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Дәрігерге қаралушыға (пациент) сәулелік жүктемелігі аз болып келетін рентгенге түсірілген суреттердің жоғары сапалы болуымен қамтамасыз ететін, сәулелік диагностика кабинеті және заманауи рентген-кабинеті бар. Галогенді жарық көзімен көп функционалді гастродуоденофиброскопы бар эндоскапия кабинеті. Жаңа заман УДТ (УЗИ) кабинетінің аппаратурасы кардиологиялық, урологиялық, онкологиялық, гинекологиялық және басқа да көптеген аурулары бар емделушілерге ертеден диагностика жасауға мүмкіндік береді.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

►Клиникалық-диагностикалық бөлім;

►Сәулелік диагностика бөлімі;

►Гинекологиялық бөлім;

►Ота жасау бөлімі;

►Тіс емдеу бөлімі;

►Балалар бөлімі;

►Күндізгі стационар;

►Профилактика бөлімі;

►Әкімшілік-шаруашылық бөлімі.


Б.М. Шаяхметов атындағы Медициналық орталық осында тіркелген Жаңа және Ескі Согра, Загородний, Радужный кенттерінің, Арматуралық зауыты, Гавань шағын аудандарының,  ҚМК қосалқы шаруашылығының, Коршунова станциясының тұрғындары үшін  келесідей қызметтерді көрсетеді:

- учаскелік терапевттің, педиатрдың, акушер-гинекологтың қабылдауы;

- ауруларға үй жағдайында медициналық қызмет көрсету;

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің бағыттауы бойынша қанның жалпы сараптамасын жасау;

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің бағыттауы бойынша несептің жалпы сараптамасын жасау;

-  тоқсанына бір рет қант диабеті диагнозы қойылған емделушілердің қан құрамындағы қант деңгейін тексеру;

- еңбекке жарамсыздық қағаздарын беру, балаларға дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің белгілеулері бойынша екпелердің және инъекциялардың барлық түрлері;

- «Д» есебінде тіркелген тұлғаларды дәрілермен қамтамасыз ету;

- жас ерекшелік топтарына сай скринингтік зерттеулердің барлық түрлері.