«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Спорттық объектілер

Денешынықтыру мен спортты дамыту үшін, құрамына жабық ойын, атлетикалық, тенис залдары, «Титан» стадионы, Жаңа Согра кентінде шомылу бассейні, әртүрлі спорттық алаңдар мен мұз айдыны енетін, «ӨТМК» АҚ-ның техникалық жабдықталған спорттық кешені бар. 

Resize of Хоккейная команда АО УКТМК

Спорттық кешенде негізінен 230 бала мен жасөспірім жаттығатын грек-рим күресі, армрестлинг, қол добы, баскетбол, шайбылы хоккей, футбол сияқты секциялар жұмыс жасайды. 


 

Жыл сайын ұйымда спорттық шараларды өткізу жоспары бекітіледі. Комбинат бөлімшелері арасында спорттық жарыстар мен спартакиадалар өткізіледі, оларға кәсіпорынның еңбек ұжымдары қатысады.

Армрестлинг секциясының тәрбиеленушілері, еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы – Рустам Мәліков және Республикалық біріншіліктің жеңімпазы, Азия чемпионы – Мөлдір Байғалиева «ӨТМК» АҚ-ның мақтаныштары.


 

Қарашаның 14-15 күндері, комбинаттың спорттық кешенінде, «ӨТМК» АҚ-ның тұңғыш Президенті, Қазақстан Республикасының Еңбек ардагері - Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметовтың есіміне арнап волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа комбинат металлургтерінен, инженерлік-техникалық жұмысшыларынан  құралған командалар қатысты.


 

Жыл сайын Металлургтер Мәдениет Үйінде комбинат жұмысшылары, ардагерлері және қонақтары арасында Мұрат Қазмұхаметович Байбеков есіміне арналған Шахмат бойынша жарыс өткізіледі.


 

 «ӨТМК» АҚ-ның футбол құрама командасы таулы металлургия саласының үздіктері үштігіне енеді және республикалық  салааралық спартокиадаларда табысты өнер көрсетуде.


Комсомолдық аралының спорт алаңында Астана күніне және ҚР маслихаттарының 20-жылдығына арналған футбол турнирі өткізілді.

Турнирге өнеркәсіптік кәсіпорындардың жастар бірлестіктерінен және қаланың үкіметтік емес ұйымдарынан оннан астам командалар қатысты.

«ӨТМК» АҚ-ның футбол командасы турнирде 3ші орынға ие болды. Команда құрамы: Мұратов Жандос, Фарафонтов Андрей, Дарыбаев Денис, Жүнүсов Самат, Иванов Александр, Жұмақан Рустам, Жұмақан Саян, Сағидолла Арман, Айдарқанов Таир. Команда жаттықтырушысы: Кривобок К.К.

Ертіс көпірінің ауданындағы амфитеатрда футбол командасы құрмет грамотасымен, кубокпен және медальдармен марапатталды.