«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Кәсіподақ комитеті

«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының алғашқы кәсіподақ комитеті 1958 жылдың желтоқсанында құрылып, қазір 2769 кәсіподақ мүшелерін біріктіреді. Кәсіподақ комитетінің  төрағасы – Писмаркин Геннадий Николаевич.

Кәсіподақ комитеті 14 цехтік және «Қаблан» ЖШС мен «Сәтпаев тау-кен байыту кәсіпорны» ЖШС-нің кәсіподақ комитеттерінен тұрады.


Айсайын цехтік кәсіподақ ұйымдарында отырыстар өткізіледі. Онда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, еңбек және демалыс тәртібі, мәдени-бұқаралық және спортттық шараларға қатысу, әлеуметтік жеңілдіктер және кепілдіктер беру, тағы басқа да кәсіподақ комитетінің қызметі аясынадағы сұрақтар қарастырылады. 

Кәсіподақ комитеті қызметінің негізгі бағыттары Жарғымен анықталған: ең алдымен бұл кәсіподақ мүшелерінің жеке, ұжымдық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіптік мүдделерін қорғау, ұжымдық келісім-шарт жасасуға атсалысу, оның орындалуын бақылау, еңбекті қорғауға қоғамдық бақылау ұйымдастыру, еңбек ұжымдарында мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстары, жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелері демалысын ұйымдастыру, кәсіподақ мүшелерінің келелі мәселелерін шешуге көмек көрсету, кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау кезінде жұмыс берушімен, билік органдарымен қатынасу.

Бағыттардың бірі ұжымдық шарт жасасу және оның орындалуын бақылау болып табылады. Бүгінгі күні әрекетті ұжымдық шарт 2011 жылы 4 жылға рәсімделді. Ұжымдық шартқа «Еңбек және демалыс тәртібі», «Еңбекақы тағайындау», «Еңбекті және денсаулықты қорғау», «Еңбек етушілердің жұмыс бастылығы», «Еңбек тәртібі», «Әлеуметтік сала», «Әлеуметтік жеңілдіктер және кепілдіктер», «Жеке және ұжымдық еңбек таластарын шешу» сияқты бөлімдер еңгізілген.

Жылсайын ұжымдық шарттың орындалуына тексеру жүргізіледі. Берілген келісім-шарттың әрекет ету кезеңінде, міндеттерді орындау бойынша ескертулер болған жоқ. Бұл барлық цехтік кәсіподақ конференцияларында аталып өтті, ұжымдық келісім-шартқа еңгізілген, комбинат жұмысшылары үшін әлеуметтік кепілдіктер жинағы 2013 жылы бір жұмысшыға 59 147 теңгені құрады.

Комбинаттың кәсіподақ комитеті маңындағы комиссия, жұмысшылардың арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтылуын үнемі тексеріп отырады. Цех комитеттерінің төрағалары комбинатқа келіп түсетін арнайы киім мен аяқ киімнің сапасын бақылау комиссиясының жұмысына қатысады. Тоқсан сайын комбинат аймағындағы асханаларды, шаруашылық бөлмелердің санитарлық жағдайын, жұмыс орындарында дәрі қорапшаларының дер кезінде іріктелуін, арнайы киімдердің сапалы жуылуын тексереді.