«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Отбасылық және балалар демалысы

Жұмысшылар және олардың отбасылары демалысын ұйымдастыру мақсатында, Бұқтырма су қоймасында 350 орындық «Волна» демалыс базасы әрекет етеді. Базада 3-5 адамға арналған 53 үй, құмды жағажай, катамарандар, қайықтар, волейбол алаңы бар, буфет, кафе, бильяр жұмыс жасайды.

Жыл сайын жаз маусымында базада 3000-ға дейін «ӨТМК» АҚ жұмысшылары мен олардың отбасы мүшелері демалады.


Қазақстанның «Рахмановские ключи», «Көктем», «Мойылды», «Сарыағаш», «Барлық-Арасан» сияқты санаторийлерінде комбинат жұмысшыларын сауықтыруға Кәсіподақ комитеті жеңілдетілген бағамен жолдамалар бөледі.

Жыл сайын 150-ден артық комбинат жұмысшылары берілген санаторийлерде денсаулықтарын түзетеді.

Таулы Ульбинка маңында, өзен жағалауындағы табиғаты көркем жерде 250 орынға арналған Академик Қ.И. Сәтпаев атындағы балаларды сауықтыру орталығы орналасқан.


БСО-да балалардың тұруына арналған жабдықталған коттедждер, асхана, бос уақытты откізу орталығы (клуб), жарыстар өткізетін эстрадалы ашық алаң, волейбол мен баскетболға арналған спорт алаңдары, футбол алаңы, шомылуға арналған жағажай бар.


Балаларды медициналық-педагогикалық қызметкерлердің жылы шырайлылығы мен ерекше ықыласы күтеді. Дене шынықтыру – сауықтыру шаралары, ойындар, викториналар, жарыстар, шығармашылық бағдарламалар, концерттер мен би кештері, жаңа таныстықтар және құрдастарымен қарым-қатынас ұмытылмас әсер қалтырады.


Жыл сайын 600-ге дейін комбинат жұмысшыларының балалары Қ.И. Сәтпаев атындағы БСО-да демалады және денсаулықтарын түзетеді. 

Жыл сайын Басқарма және Кәсіподақ комитетінің шешімі бойынша облыстық балалар үйінің 80-нен астам тәрбиеленушілері Қ.И. Сәтпаев атындағы балаларды сауықтыру орталығында демалады.

Қ.И. Сәтпаев атындағы БСО-ның спорттық командасы ШҚО-ның балалар демалу орталықтары арасында өткізілген Спартакиадаға қатысты, мұнда жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды. 


2014 жылдың жаз мезгілінде академик Қ.И. Сәтпаев атындағы Балаларды сауықтыру орталығында (бұдан әрі – Қ.И. Сәтпаев атындағы БСО) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың 4 жіберілу легі ұйымдастырылды. 683 бала, соның ішінде қамқорлыққа алынған ұйымдар жұмысшыларының 10 баласы және балалар үйінің 96 баласы өтеусіз негізде демалып, жеңілдікті жолдама бойынша денсаулықтарын түзеді.

Қ.И. Сәтпаев атындағы БСО-да үйлестірілген түрлі 5 реттік тамақтандыру ұйымдастырылды. Әр жіберілу легінің тәрбиелік, мәдени-көңіл көтеру және спорттық бағдарламалары өзіне әртүрлі тақырыптағы түрлі шараларды қосады.

Балалардың жіберілу легі негізіне өзінің ережелері мен заңдары бар балалардың өздері ұзақ сюжеттік-рольдік ойынның қатысушысына айналатын аңыз салынған («Балалық республикасы», «Кино сиқыры», «Түрлі түсті жер шары», «Біз өмір сүретін әлем, арман деп аталады»).

Тәрбиешілер мен шығармашылық ұйымдастырушылардың арқасында балалардың биде, ән-күйде, өлеңдерде таланттары ашылды. Балаларды дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарымен (таңертеңгі гимнастика), ойындармен («Сынау соқпағы», «Шекараға шабуыл», «Сенімділік соқпағы»), эстафеталармен, «Жорық» тақырыптық күнімен және спорт байқауларымен («Үміт старттары», «Шапшаң әрі тез», «Спортландия») қызығушылықтарын оята белсенді тартты.

Білім беру саласында қоршаған орта жайлы балалардың білімін кеңейтуде есептер шығарылды. Сонымен қатар, ғылыми айтыстар, тақырыптың әңгімелесулер, викториналар және байқаулар жүргізілді. Балаларға арнап қосымша комбинат жайлы фильм көрсетілген, жасы үлкендер топтарында «ӨТМК» АҚ тарихы мен «ӨТМК» АҚ Президенті – Б.М. Шаяхметовтің қызметі жайында әңгімелесулер жүргізілген болатын.

Байқау, викториналар, шығармашылық концерттер, бағдарламалар мен спорт жарыстарының нәтижелері бойынша балалар приздармен, сыйлықтармен және «ӨТМК» АҚ Кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қызметшілердің жоғары педагогикалық, медициналық, техникалық қызметшілер  біліктіліктерінің және аспазшылар шеберліктерінің арқасында Қ.И. Сәтпаев атындағы БСО-да достық, көтеріңкі көңіл-күй, жылулық пен сенімділік орнап, балалар жүрегінде  ұмытылмас ерекше әсер қалдырды.


2014 жылдың жаз мезгілінде «Волна» демалыс орнында ұзақтығы 7 күн болатын 11 жіберілу легі өткізілді.

Барлығы 2723 адам, соның ішінде 457 адам демалыс күні жолдамалары бойынша  демалды. Жұма сайын 250 адам демалған. «Волна» демалыс орнына жолдамаларды өткізу тек «ӨТМК» АҚ-ның жұмысшылары, ардагерлері мен олардың отбасы мүшелеріне жүзеге асырылған.

Демалушыларға арнап серуендау қайықтары, катамарандары ұсынылған. Қосымша дискатекалар ұйымдастырылып, кафе жұмыс істеп тұрды.

«Металлургтер күні» мейрамында демалушыларға арнап от шашу мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.