«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ» АҚ

Оқыту және біліктілікті жоғарылату

Заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайларда әрбір кәсіпорын үшін жоғары білікті, кәсіби және ынталы мамандарды тарту жұмыстарының маңыздылығы жылдан жылға артып келеді.

«ӨТМК» АҚ басшылығы қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Комбинатта, өзімен қажетті білім мен дағдыларды үйренуге, кәсіби біліктілікті дамытуға мүмкіндік беретін  жұмыскерлерді оқытуды, мамандарды дайындау мен біліктіліктерін арттыруды қамтитын, комбинат қызметкерлерін дайындау және біліктілікті арттыру үздіксіз арнайы жүйесі даярланған.

Біз нақты жұмыс орындарының және оқушылардың қажеттіліктеріне байланысты өзгеріп отыратын оқытудың әртүрлі нысандары мен әдістерін пайдаланамыз.

Оқыту:

  • компанияның оқу дәрісханаларында;
  • тікелей жұмыс орындарда;
  • арнайы оқу ғимараттарында – жүргізіледі.

Кәсіпорын қызметкерлері компания есебінен жыл сайын біліктіліктерін арттырып отырады. Жас мамандарға өз оқуларын еліміздің, сондай-ақ, шет елдерінің ЖОО бакалавриаттарында және магитартураларында жалғастыру, «Болашақ» халықаралық шәкіртақы бағдарламасына, кадрлерді мақсатты даярлау білім бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері беріледі.

Біз жұмыскерлерге біліктілікті арттыру, кәсіби шеберліктерін ары-қарай жетілдіру – мамандықтың біліктілік баспалдақтарымен жоғарылау мүмкіндігін ұсынамыз. Қосымша (етене жақын) мамандықтарды меңгеру, жаңа, неғұолым күрделі мамандықты меңгеру – кәсіби дамуды жүзеге асыру.

Жыл сайын, «ӨТМК» АҚ 1 500 қызметкер комбинатқа қарасты оқу орындарында және қаланың жоғары оқу орындарында білім алады.

2016 жылы комбинаттың басшылары, мамандары, қызмет етушілері мен инженерлік-техникалық жұмыскерлері аттестаттаудан өтті.

Инженерлік-техникалық қызметкерлерді, басшыларды және мамандарды уақытылы даярлауды қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар, кәсіпорында жұмыскерлерді бекіту мақсатында комбинатта кадрлік резервті қалыптастыру бағдарламасы жүзеге асырылады.

«ӨТМК» АҚ студенттердің тікелей кәсіпорында кәсіби дағдылар және білім алуына (материалдық базамен және жабдықтармен, өнімді даярлау теориялық процессімен таныстыру), алдағы уақытта комбинатқа білікті мамандарды қабылдауға мүмкіндік беретіндей студенттердің өндірістік іс-тәжірибеден өтуі үшін жағдай жасауға мүдделі.

«ӨТМК» АҚ жыл сайын өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерге жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж оқушыларын қабылдайды. Іс-тәжірибе нәтижелері бойынша оқу орындарының түлектері «ӨТМК» АҚ-на жұмысқа тұрады.

Қосарлы (кооперативті) оқытудың ұлттық моделін қалыптастыру аясында «ӨТМК» АҚ Өскемен қаласының колледждерімен бірлесе отырып жоғары білікті кадрлерді мақсатты даярлауды жүзеге асырады.

Қызметкерлерді оқытудың негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді үйрету болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын іске асыру үшін «ӨТМК» АҚ-нда Мемлекеттік тілді енгізу және дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі қызмет етеді. Мемлекеттік тілді оқыту 3 сатылы бағдарлама бойынша жүргізіледі – бастауыш, жалғастырушы және терең оқып білушілер. 

Оқу материалдарын игеру нәтижелі болу үшін лингафондық кабинет қызмет етеді, электрондық оқулықтар және мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған дәрісханалар пайдаланылады.

Қызметкерлерді оқыту және біліктілікті арттыру өндірістік еңбекті, шығарылатын өнім сапасын, өндірістің тиімділігін, сапа менеджменті жүйесін жетілдіру, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті жоғарлату, сонымен қатар, «ӨТМК» АҚ жұмыскерлерінің білімдерін тереңдетіп, шеберліктерін өрістеу мақсатында жүргізіледі.

Басшылар, мамандар мен жұмыс қызметкерлері оқу орталықтарында өндірістік-экономикалық біліктіліктерін жоғарлату курстарында, сондай-ақ, «ӨТМК» АҚ қызметкерлерін даярлау және біліктіліктерін арттырудың жылдық жоспарына сәйкес мақсатты тағайындау курстарында білім алған.