ЖАҢАЛЫҚТАР

«ӨТМК» АҚ жыл сайынғы SAP Value Award 2021 премиясында «платина» және «күміс» жүлделі орындарымен марапатталды
«ӨТМК» АҚ жыл сайынғы SAP Value Award 2021 премиясында «платина» және «күміс» жүлделі орындарымен марапатталды

Жыл сайынғы SAP Value Award 2021 премиясына қатысу аясында «ӨТМК» АҚ «Қаржы — бизнестің сенімді серіктесі» номинациясы бойынша «күміс» жүлдемен, сондай – ақ ТМД елдерінің бірнеше ондаған компаниялары арасында өткен дауыс беру қорытындысы бойынша «платина» жүлдесіне, яғни көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды.

2021 жылдың 7 қазанында SAP шешімдерінің арқасында ТМД елдеріндегі компаниялардың қол жеткізген тамаша нәтижелерін атап өту үшін тағайындалған жыл сайынғы SAP Value Award сыйлығы табыс етілді.

ТМД елдерінің компаниялары арасында SAP Value Award 2021 үздік цифрлық жобаларын марапаттаудың бұл байқауына біздің комбинат та қатысты.

«ӨТМК» АҚ ең маңызды номинация – «Қаржы — бизнестің сенімді серіктесі» номинациясына қатысты. Ал кәсіби әділ-қазылар алқасының бағалауы бойынша жобамыз құрметті «күміс» жүлдеге ие болды. Айта кету керек, біздің комбинат осы санаттағы Қазақстан Республикасының жалғыз өкілі болды.

Сонымен қатар, SAP Value Award -тың жеке «Көрермендер көзайымы жүлдесі» бар, ол бір данада ұсынылған – бірнеше ондаған үміткерлер арасында дауыс беру қорытындысы бойынша «ӨТМК» АҚ «платина» жүлдесін жеңіп алды.

SAP S/4HANA енгізу бойынша «ӨТМК» АҚ жобасы және SAP Central Finance функционалын атап айтқанда, бұл Қазақстанда SAP S/4HANA-ның алғашқы енгізілуі, ТМД-да SAP Central Finance-тың алғашқы енгізілуі, сондай-ақ SAP Central Finance-тың 1С-жүйелермен тарихтағы алғашқы интеграциясы.

Бұл жетістіктер комбинаттың барлық қызметкерлерінің үйлесімді және кәсіби жұмысының нәтижесі. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген, енгізіліп жатқан және болашақ инновациялық жобалардың арқасында «ӨТМК» АҚ Қазақстанның, сондай-ақ бүкіл әлемнің кәсіпорындары арасында көшбасшылық позицияны ұстап тұруды жалғастырады.