ЖАҢАЛЫҚТАР
Құрметті акционерлер!
«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ӨТМК» АҚ немесе Қоғам) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»заңының 35 – бабына, 37-бабының 1-тармағына және 3-тармағының 1) тармақшасына және 41-бабына сәйкес «ӨТМК» АҚ акционерлеріне Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын сырттайдауыс беру арқылы өткізу туралы хабарлайды, жиналыс 2022 жылғы 14 шілдеде сағат 15-00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) атқарушы органның орналасқан жері бойынша өтеді.
«ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Согринская көшесі, 223/3 ғимарат, пошталық индексі 070017.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «ӨТМК» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін Орталық депозитарий «ӨТМК» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің деректері негізінде жасайды. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн: 2022 жылғы 14 маусым.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің басталу күні: 2022 жылғы 20 маусым сағат 09-00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің аяқталу күні: 2022 жылғы 14 шілде сағат 14-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні: 2022 жылғы 14 шілде сағат 15-00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен).
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы өткізілмейді.
КҮН ТӘРТІБІ
«ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы:
- Қоғамның 2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- Қоғамның 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы.
- 2021 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер туралы.
- 2022 жылға Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау.
- «ӨТМК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережені» бекіту туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімін белгілеу және сайлау туралы.
- Акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселелерді қарау
«Акционерлік қоғамдар туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 6-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған кезде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бойынша материалдар акционерлердің қарауына«ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жерінде, сондай-ақ «ӨТМК» АҚ корпоративтік веб-сайтында www.uktmp.kz «Жаңалықтар» бөлімінде қолжетімді.
Егер «ӨТМК» АҚ акционерінің Қоғамның post@uktmp.kz электронды мекен-жайына жіберген сұранысы болса, акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бойынша материалдар оған сұрау салу алынған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі. Көрсетілген ақпарат Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар адамдарға беріледі.
«ӨТМК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында сырттай дауыс беру арқылы дауыс беруді өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46, 49, 52-баптарына сәйкес анықталады:
- «ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында сырттай дауыс беру үшін дауыс беру бюллетені «ӨТМК» АҚ корпоративтік веб-сайтында www.uktmp.kz және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланады.
- Сырттай дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньді акционерлер «ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша не пошта немесе курьерлік байланыс құралдарын пайдалана отырып ұсынады. Сырттай дауыс беру үшін бюллетеньді ұсыну күні оның «ӨТМК» АҚ-да тіркелген күні болып саналады.
- Есеп комиссиясы:
- Алынған бюллетеньдердің жарамдылығын және олардың санын анықтайды;
- Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс санын есептейді және«ӨТМК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының кворумының болуын анықтайды;
- «ӨТМК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының барлық мәселелері бойынша дауыстарды есептейді және дауыс беру қорытындыларын шығарады;
- дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы және «ӨТМК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының хаттамасын жасайды және қол қояды.
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-37, 39, 41, 43-47, 49-52-баптарына сәйкес өткізіледі.
«ӨТМК» АҚ Директорлар кеңесі
№1 Қосымша Аудиттелген ШҚЕ 2021 жыл