ЖАҢАЛЫҚТАР

"ӨТМК" АҚ мен IREL LIMITED компаниясы арасында Қазақстан-Үндістан бірлескен кәсіпорнын құру туралы меморандумға қол қойылды
"ӨТМК" АҚ мен IREL LIMITED компаниясы арасында Қазақстан-Үндістан бірлескен кәсіпорнын құру туралы меморандумға қол қойылды

Меморандум Қазақстан-Үндістан серіктестігін ұзақ мерзімді өзара тиімді нығайтуға бағытталған және бірлескен кәсіпорын құрудың негізгі аспектілерін анықтайды.

Меморандумға қол қою рәсіміне Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі – Прабхат Кумар, Үндістан Республикасының Атом энергиясы департаментінің хатшысы – А.Р. Сулей, IREL Limited компаниясының төрағасы және басқарушы директоры – Д. Сингх, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі – А. Ержанов, Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Әлімбаев, "ӨТМК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы С. Гелер, "ӨТМК" АҚ президенті А. Мамутова қатысты.

Рәсім онлайн-режимде өтті. Оның барысында "ӨТМК" АҚ атынан компания президенті Әсем Мамутова және Басқарушы директор Дипендра Сингх атынан Үндістанның мемлекеттік IREL Limited компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды.

IREL Limited (Үндістан) - Үнді мемлекеттік корпорациясы, оның кеңсесі Мумбай қаласында орналасқан. Компания Үндістан Республикасының Атом энергиясы Департаментінің әкімшілік бақылауында. Компанияның негізгі өнімдері ауыр минералдар болып табылады, атап айтқанда ильменит, рутил, циркон, монацит, силлиманит және гранат. Компания өнімдері электрод, керамика, отқа төзімді, құю, цирконий, мұнай өңдеу, энергетика салаларына жеткізіледі.

IREL Limited сирек жер элементтерін және басқа да стратегиялық материалдарды өндіру есебінен елдің ядролық энергетикасы мен энергетикалық қауіпсіздігіне тұрақты үлес қосуда.

"ӨТМК" АҚ шикізат өндіруден бастап қосылған құны жоғары өнім шығаруға дейінгі әлемдегі ең ірі тігінен интеграцияланған титан өндірушілердің бірі болып табылады. Комбинаттың тауарлық өнімдерінің негізгі түрлері кеуекті титан, құймалардағы бастапқы магний, титан құймалары және қорытпалар болып табылады. "ӨТМК" АҚ өнімдері әлемнің әуе ғарыштық саласының барлық өндірушілерімен сертификатталған. Титан өнімдерінің 100% жоғары дамыған елдерге экспортталады.

Өнімнің жоғары сапасы, заманауи технологияларды енгізу "ӨТМК" АҚ-на титанның әлемдік нарығында жетекші орын алуға мүмкіндік берді. Комбинат серіктестерінің арасында авиағарыш, өнеркәсіптік сектор, атом энергетикасы мен медицинасының жетекші әлемдік компаниялары: «Boeing», «Airbus», «Pratt&Whitney», «ATI», «Arconic», «Perryman», «Baoti», «Nippon Steel», «POSCO», «Safran», «SNECMA», «General Electric», «Midhani», «UKAD», «Dynamet», «VSMPO» және басқалары бар.

Титан қожын өндіру бойынша өнеркәсіптік кешенді салу және пайдалану бойынша "ӨТМК" АҚ-ның заманауи технологиялары мен тәжірибесін пайдалана отырып, "ӨТМК" АҚ және IREL Limited Үнді компаниясы 2020 жылы титан қожын өндіру бойынша Қазақстан-Үнді бірлескен кәсіпорнын құру туралы шешім қабылдады. Үндістанда кен-жылу пешінің құрылысы "ӨТМК" АҚ-ға құрамында титаны бар шикізаттың өзіндік үлесін арттыруға, импортталатын шикізатқа жұмсалатын шығындарды төмендету жолымен шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. IREL Limited компаниясы титан қожының жаңа өндірісін, жаңа жұмыс орындарын құрып, мемлекеттік бюджетке салық аударымдарын көбейте алады.

Сингх мырза "ӨТМК" АҚ-мен жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіріп, Үнді тарапы үшін осы жобаны іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Вице-министрі А.Ержанов бірлескен кәсіпорын екі мемлекет арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті нығайту жолындағы тағы бір қадам болатынын атап өтті.

"ӨТМК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы С.Гелер Қазақстан-Үндістан бірлескен кәсіпорнын құру туралы Меморандумға қол қою – бұл әлемдік титан өнеркәсібіндегі екі ірі компанияның Одағы, ол Үндістанға әлемдегі ең ірі титан құмының қорына қосымша құн алуға мүмкіндік береді, ал "ӨТМК" АҚ шикізаттың қосымша көзі – титан қожына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

CОVID-19-ға қатысты ағымдағы жағдайға қарамастан, Қазақстанда титан өндірісінің металлургтері жаңа өндірістер құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының экономикалық өсуі мен әл – ауқатын одан әрі қамтамасыз ету үшін бірлескен өндіріс құру және титан нарығындағы ең ірі үнді компанияларының бірі – IREL Limited (Үндістан) - "ӨТМК" АҚ-ды одан әрі интеграциялау осындай жұмыстың бір мысалы болып табылады.