ЖАҢАЛЫҚТАР
Акционерлердің 2022 жылғы 14 шілдеде өткен жылдық жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хабарлаймыз.
Қоғамның дауыс беретін акцияларының саны 1 942 380 жай акцияны құрайды.
Дауыс беруге 1 926 445 жай акцияны иеленетін 8 акционер қатысты, бұл дауыс беретін акциялардың жалпы санының 99,18% - ын құрайды.
Жиналыстағы дауыс беру қорытындылары:
1. Күн тәртібінің «Қоғамның 2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы» бірінші мәселесі бойынша:
«қолдады» – 1 926 445;
«қарсы» – жоқ;
«қалыс қалды» – жоқ.
2. Күн тәртібінің «Қоғамның 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы» екінші мәселесі бойынша:
«қолдады» – 1 440 850;
«қарсы» – жоқ;
«қалыс қалды» – 485 595.
3. Күн тәртібінің «2021 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер туралы» үшінші мәселесі бойынша:
«қолдады» – 1 440 850;
«қарсы» – 485 595;
«қалыс қалды» – жоқ;
4. Күн тәртібінің «2022 жылға Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау» төртінші мәселесі бойынша:
«қолдады» – 1 440 850;
«қарсы» – 485 595;
«қалыс қалды» – жоқ;
5. Күн тәртібінің «ӨТМК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы туралы» ережені бекіту туралы» бесінші мәселесі бойынша:
«қолдады» – 1 440 850;
«қарсы» – жоқ;
«қалыс қалды» – 485 595;.
6. Күн тәртібінің «Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау және мүшелерін сайлау туралы» алтыншы мәселесі бойынша:
«қолдады» – 1 440 850;
«қарсы» – 485 595;
«қалыс қалды» – жоқ;
7. Күн тәртібінің «Акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселелерді қарау» жетінші мәселесі бойынша:
Акционерлердің өтініштерінің болмауына байланысты күн тәртібіндегі бұл мәселе талқыланбады.
«ӨТМК» АҚ есеп комиссиясы