ЖАҢАЛЫҚТАР
Құрметті акционерлер!
«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-»ӨТМК» АҚ немесе Қоғам) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35 – бабына, 37-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және 3-тармағының 1) тармақшасына және 41-бабына сәйкес «ӨТМК» АҚ акционерлеріне атқарушы органның орналасқан жері бойынша 2022 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15-00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) өтетін сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
«ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Б. Шаяхметов көшесі, 1/1 ғимарат, пошталық индексі 070017.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «ӨТМК»АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін Орталық депозитарий «ӨТМК» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің деректері негізінде жасайды. Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн: 2022 жылғы 01 қыркүйек.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньді ұсынудың басталу күні: 2022 жылғы 8 қыркүйек, сағат 09-00 (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен).
«ӨТМК» АҚ акционерлерінің сырттай дауыс беру бюллетенін берудің соңғы күні мен уақыты: 2022 жылғы 28 қыркүйек, сағат 14:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні: 28 қыркүйек 2022 жыл, сағат 15:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен).
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы өткізілмейді.
ӨТМК» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының
КҮН ТӘРТІБІ:
- 2022 жылға Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды бекіту туралы акционерлердің жылдық жалпы жиналысының 2022 жылғы 14 шілдедегі шешімін өзгерту.
- «ӨТМК» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.
- 2006 жылғы 15 маусымдағы «ӨТМК» АҚ Басқармасы туралы Ереженің» қолданылуын тоқтату туралы.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 6-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған кезде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер танысу үшін «ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша, сондай-ақ «ӨТМК» АҚ корпоративтік www.uktmp.kz веб-сайтында «Жаңалықтар» бөлімінде таныса алады.
Қоғамның post@uktmp.kz электронды мекенжайына жолданған «ӨТМК» АҚ акционерінің сұранысы болған жағдайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұрау салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады. Көрсетілген ақпарат Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар адамдарға беріледі.
«ӨТМК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беруді сырттай дауыс беру арқылы өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 46, 49, 52-баптарына сәйкес айқындалады:
- «ӨТМК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында сырттай дауыс беруді өткізу үшін дауыс беруге арналған бюллетень «ӨТМК» АҚ корпоративтік веб-сайтында www.uktmp.kz жарияланды және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылады.
- Сырттай дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньді акционерлер «ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша не пошта немесе курьерлік байланыс құралдарын пайдалана отырып ұсынады. Сырттай дауыс беру үшін бюллетеньді ұсыну күні оның «ӨТМК» АҚ-да тіркелген күні болып саналады.
- Есеп комиссиясы:
- алынған бюллетеньдердің шынайылығын және олардың санын анықтайды;
- күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс санын есептейді және «ӨТМК» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының кворумының болуын анықтайды;
- «ӨТМК» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының барлық мәселелері бойынша дауыстарды есептейді және дауыс беру қорытындыларын шығарады;
- «ӨТМК» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасын және дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және қол қояды.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-37, 39, 41, 43-47, 49-52-баптарына сәйкес өткізіледі.
2022 ж. АКТЖЖ бюллетеніне №1 қосымша
«ӨТМК» АҚ Директорлар кеңесі