ЖАҢАЛЫҚТАР

"ӨТМК" АҚ МЕН "MIDHANI" (ҮНДІСТАН) КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ)
"ӨТМК" АҚ МЕН "MIDHANI" (ҮНДІСТАН) КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ)

Defexpo халықаралық көрмесі Үндістан Қорғаныс министрлігі мен үнді өнеркәсібі Конфедерациясының қолдауымен екі жылда бір рет өткізіледі және қазіргі уақытта қару-жарақ пен әскери техника тақырыбы бойынша азиялық ірі алаң болып табылады.

Көрмеге Boeing, Safran, SAAB AB, Airbus, Mishra Dhatu Nigam Limited (MIDHANI), Рособоронэкспорт АҚ сияқты компаниялар ұсынған АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Италия, Израиль, Иран және әлемнің басқа да технологиялық дамыған елдері қатысады. Олардың өнімдері қорғаныс өнеркәсібінде ғана емес, медицинада, энергетика, авиация, ғарыш, химия және басқа салаларда да кеңінен қолданылады.

"ӨТМК" АҚ Президенті Әсем Мамутованың айтуынша, DefExpo India 2020 – ға қатысу комбинаты үшін Үндістан кәсіпорындарымен авиағарыштық және медициналық мақсаттағы титан өнімдерін өндіру және жеткізу, сондай-ақ құрамында титаны бар шикізат өндіру саласындағы стратегиялық әріптестіктің негізін бекіту мүмкіндігі болып табылады.

Көрмеде "ӨТМК" АҚ-ның Президенті Әсем Мамутова мен Үндістан Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік кәсіпорны MIDHANI компаниясы арасында басқарма төрағасы доктор Динеш Кумар Ликхи тұлғасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның аясында титан биоимпланттары мен медициналық құралдар өндірісі саласындағы әріптестік қатынастар жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасы тарапынан Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Талғат Жеңісұлы Жанжуменов және Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев қатысты.

Үндістан Республикасының Үкіметі қатысты: Үндістанның Қорғаныс министрі Ракша Мантри Шри Раджнат Сингх, Уттар-Прадеш штатының Бас министрі Йоги Адитянат және Үндістан үкіметінің басқа мүшелері.

Сондай-ақ MIDHANI компаниясының өкілдері: доктор Санжай Кумар Джа, өндіріс және маркетинг жөніндегі директор және коммерциялық қызметтің басшысы Д.Гопикришна.

"ӨТМК" АҚ MIDHANI компаниясымен 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта "ӨТМК" АҚ медицинада қолданылатын бұйымдарды өндіруге арналған MIDHANI кеуекті титан және "Eli" титан қорытпаларын экспорттайды.

MIDHANI компаниясы атом энергетикасында, аэроғарыштық, химиялық және мұнай-химия салаларында қолданылатын титан қорытпалары мен арнайы стальдар шығарады. Сонымен қатар, MIDHANI ASTM, BSI, ISO және BIS халықаралық сипаттамаларына сәйкес келетін және Үндістанның дәрі-дәрмектерін бақылау басқармасы лицензияланған титан биоимпланттары мен әлемдік деңгейдегі протездердің кең спектрін шығарады.